Қарақан басы, жалғыз өзі. ~ Жоғарғылар азады, төменгілер сатылады. Азғандар өз күшігін өзі талайды. Сатылғандар ру, ұлысын, ұлтын, жұртын, арұятын бір басының бақыр тиынға алғысыз бес күндік жарығы үшін құрбандыққа шалады. Ғ.Біл. ~ Иен жағаға бакеншик боп орналасқанда шал әуелде көңілі бір тоға орнына түскендей еді; шырық бұзар көлденең ешкім жоқ, ертенді-кеш өзен бойындағы бакендерді бір қарап шыққаннан басқа жан қиналар шаруа болса ше, күйттегені бір басы, күткені бір құдайдың ажалы. Қ.Ысқ.
