Posted in

БІР БАСҚА

Өзге, бөлек. ~ Сен, бауырым, мәселені олай аударма, маман болу бір басқа, адам болу бір басқа! – деді Айбар сәл жуасып. – Бәсекеге адам капиталы кешенді түрде түседі. Ж.Аяз. ~ Әкемнің қайғысы бір басқа, бәрінен шешемнің мына зары жаныма батып кетті. Қашан көрсең қабағы ашылмай, аһлап – үһлеп, бүгіліп келіп отырғаны. Ж.Сәм.