Posted in

БІР БЕТПЕН (КЕТТІ)

Алған бетінен қайтпай, сол бойында. ~ Бүгін Әлидің келіп жетуі тергеудің бетін бұрарлық басқаша ықпал әкелген. Дау аяғы бастық алдында бастапқы қалыбмен әбігертіп, бұрылып кетуге де ықтимал. Олай болса, сұрақшының да бір бетпен кете беруіне жол даңғыл емес. Ж.Ахм. ~ Қайтпас жағына беттеп кеткен сертшіл кеуде көмейінде қылғынтқан ащы түйіншекті зорлықпен жұтып, бір бетпен ұзаққа әкете беретін. Ж.Ахм.