Posted in

БІР БӘЛЕГЕ ҰРЫНДЫ

Өзі барып әлдебір қауіпке, кесірге басын сұқты. ~ Мырзабектен басталған әңгімені жорға Жұмабекке тіреп, сенің жаңағы сұрағыңнан сырт айнала бергенімді айтам да… Иә, Жәмеш пен Мырзабек аңға барған сол күні олардың бір бәлеге ұрынып қайтқанын өзім де сезгенмін. Д.Әш. ~ Байбақ әзілге мән берген жоқ. ─ Қайдағы бір жыным ұстап, бір бәлеге ұрынар кезде үстуші еді, – деді тағы да кіржиіп. Т.Әбд. ~ Осыны жан дүниесiмен түсiнгендiктен, қылышынан қан тамған қызыл идеологияға дауыс көтермек түгiлi тiктеп қарауға жүрек дауаламайтын тұста бауырларының мына көзсiз батырлығына арқасы шымырлады. «Әй, бiр бәлеге ұрынып кетпесе…» деп, iштей қобалжыды. Ә.Ыб.