Posted in

БІР БИДАЙДЫ ЖАРЫП ЖЕДІ

Бір-бірінен ештеңе аямады, барын бөлісті. * Ойлап қараса, балалар үйінде Елтай жетімдіктің тақсіретін тарта қоймапты. Бәрі де бір бидайды жарып жеген, ортақ одеял жамылған көген көздер еді. М.Қаб. * Бір бидайды жарып жейтін тату-тәтті тұрмыстың табалдырығы биік, тым биік-к — соны ұқ. Кеңсенің некесіне тіркелдің, ал өмірдің некесінен әлі өтпегенсіңдер — осыны түсін, Елтай қарағым. М.Қаб.