Posted in

БІР ЕСЕПТЕН

Бір жағынан, бір реттен. ~ Тіпті, көлденең жұрт құрлы: «Көктемде аман-есен көрісейік!» деген жоқ. Қарасы өшерде ғана артына бір-екі рет жалтақтап қарады… Бір есептен Борайқұлдікі дұрыс. «Бәрің бірдей қойшы болсаң құл боларсың, Бәрің бірдей тойшы болсаң тұл боларсың» деген рас. Т.Әлімқ. ~ Бір есептен бұл сөзіңнің де жаны бар,- деді Сәрсенбай ат өтті ыңғай көрсетіп, – бірақ иемденіп отырған жерін Нұртай өліспей бере ме бізге? C.Ом. ~ Қалада қалам деген сөзің бір есептен жөн сияқты, бірақ көңіліңе келмесін, сен аттың құлағында ойнайтын ер азамат емессің, төмен етекті әйелсің, мына заманның ыңғайы белгісіз, жел оңынан тұра ма, солынан тұра ма? С.Мұқ.