Жағдай шешімін тапты; әрі-сәрі болмай, бір жағына шықты, әлдебір жұмысты тындырды, көңілі жайланды. * Бірақ ол кезде Ақбілек етжей-тегжейін сұрағандай болған жоқ, жатса, тұрса, әкесінің өзгеруіне уайымдады ғой. Енді көңілі бір жайлы болды. Ж.Айм. * Көктемге жетер ме, жаз шықса, күн жылынса, “тым құрса туған жеріме қайтып жетіп, бір жайлы болсам!” деген арманды да бүгін Әбіш анықтап айтқан. М.Әу. * Онша асығып не қыласың?-деді Әлжан,- қазір немістер кейін шегінуде ғой. Сен майданға барғанша соғыс та бір жайлы болып қалар. І.Есен. * Міне осындаймын, бірдеңені шындап ниет етсем, қашан соны бір жайлы етіп тындырмай, еш тыншымаймын. Б.Соқп.
