Posted in

БІР ЖАҚТЫ

Бірыңғай, бір сипатты, сыңар жақты. ~ «Мысль изреченная есть ложь» деп Тютчев айтпақшы, бір жақты ой айтуға ұмтылу, не бір жақты сезім әуезіне салынып кету де жалғандыққа жетелері ләзім. Ш.Сари. ~ Ал «Құмырсқа- қырғын» мен «Қос ағаш», «Тағдыр жазуы», «Күмбез», «Оралу», «Бір нәзік сәуле», «Ең үздік оқушы» әңгімелерінің тұспалы мен емеуріні қатпар- қатпар. Бір жақты, бір сезімді, бір түйсікті кейіпкер жоқ. Т.Жұрт. ~ Мәлике еркектердің көпшілігінің басында дәл қәзір өтіп жатқан тек бір жақты процестерді байқап, ұрлана Сәргелге қарады.Оның кеңірдегіндегі поршень жайлап өңешіне барып қайтты. Д.Ис.