Posted in

БІР ЖАҚСЫ ЖЕРІ (БІР ЖАҚСЫСЫ)

Оңды жағы; көңілге медеу болатын тұсы. * Қай ауылға келсе де, аттарын милиция, агент, инструктор мініп кетеді. Не жаңа апарып тастап келіп тұрады. Бір жақсы жері – Қызыл шырпыдан Баянға қарай қайтып бара жатқан «Трамоттың» көлігі кездесті. Ж.Айм. * Ең жақын үйге кіргізіп бар киімін шешіп, үстін тегіс спиртпен ысқыладық. Ауызы дорбадай ісік. Сөздің нобайын ғана айтады. Бір жақсы жері оң қолы сау екен. Б.Қыд. * … зәресі ұшқан бейшаралар көзі адырайып, өкірген күйі басы ау­ған жаққа безе жөнеледі. Көк бұқа, бір жақсысы, жеңілген жауын қумайды. Т.Сәу.