Ерекше қасиеті, қызығы бар. ~ Оның және бір кереметі бар, әсте елден ерекшеленіп киінейін, сылаңдап көзге түсейін демейді, қарапайым күйден бір танбайды. С.Ом. * Ханның баласы айтады: — Сен не де болса, осы құдыққа түс, осының бір кереметі бар шығар, әйтпесе, құдыққа жылына бір ту бие тастап кетеміз, неге ол сасымайды? – дейді. ҚЕ. * Ақбауыр үңгірінің тағы бір кереметі бар. Ол оның қабырғаларындағы есте жоқ, ескі замандарда салынған ұсақ-ұсақ пиктограммалар. БАҚ. * Жағалаудың адам көзінен тасада жатқан тағы да бір кереметі бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жағалаудың астынан тұщы су шығып жатыр. БАҚ.
