Posted in

БІР КЕРЕМЕТІ

Таң қаларлығы, ғажабы, ерекшелігі. * Енді айтпаска шарам жоқ, «Жерік — сүзектен жаман» деген рас екен… жерік болып жүрмін. Бір кереметі, адал асқа тәбетім шаппайды, арамды көңілім қалайды. Жазмыштың бұйрығы сол шығар, бір қабылан атып берсең, тойғанымша жеп, жерігімді басар ма едім деп ойлаймын. А.Сейд. * Сосын бір кереметі, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалған кезде бүкіл зал орнынан тұрды. БАҚ.~ Іссапардың бір кереметі осында. Жол үстінде жүріп түрлі жандармен танысып, пікір алысуға, сұқбаттасуға мүмкіндік туады. Небір жаңалықтар естисің. Ә.Ысқ.