Тым көп, сеңдей соғылысады.~ Керей Қожаберген жыраудың Абылайға айтқаны – Абылай! Сен мен көргенде Тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің, Әбілмәмбет ағаңа Қызметкер болған ұл едің, Үйсін, Төле билердің Түйесін баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде Ақсұңқардай түледің, Алыстан тоят тіледің. Ақтан болды күніңіз, Арсы менен күрсіге Дау таласты үніңіз, Енді сенің бұл күнде, Бір көшеге сыймайды Азаткер де құлыңыз. А.Байт.
