Халықтық өлшем, көштің бір күнде жүріп өтетін қашығы. (10-15 шақырымдай.) ~ Үш мың үйдей қазақ еді сонда кеткен, Кемшілік ғаріптерге кебін-кетпен. Бір көш жер Жетіобаға қалған шақта, Шаңдатып қалың дүңген қуып жеткен. “Үркін-Қорқын”. ~ Өзін осы төңіректің итіне дейін жақсы көреді. Әншейінде атты жолаушы көрсе, бір көш жерге дейін үріп қуып тастайтын қырдың сақ төбеттері Дәулеттің аяғына жығылып, бұлаңдап сала береді. Ә.Кек.
