Posted in

БІР СУЫНЫП, БІР ЫСЫП

Жан тебіренткен ыстық сезімге берілу. ~ Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа? Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып. Абай. ~ Кездескендер түріме Таңырқасып қарады. Елең болмай бірі де, Сен биледің сананы. Күйге түстім не түрлі – Бір суынып, бір ысып. Айыпты адам секілді Кете бардым ығысып. Ф.Оңғ. ~ Іңкəр жүректер лүпіл қағып, бірге соқты. Жігіт те, қыз да бұлқынған бұла сезіммен булығып, бір суынып, бір ысып, дамыл ғып дем ала алмай ынтығып, елең қағып, бос шошып, қоянның көжегіндей дірдір етіп, бірінің бауырына бірі тығылып, бірінің тамағын бірінің иегі кезек- кезек аймалайды. З.Қаб.