Болмашы ғана дүние, түкке тұрғысыз бұйым. ~ Азаматы үйде болса, балаларынан бұрын алдымен соның бабын істейді. Бір суыртпақ жіп тапса да, соның бойына жапсырғысы кеп тұрады. Ә.Нұрп. ~ Барсам Жамал бөйбіше кебежесін ақтарып жатыр екен. Бөркім қолымда. Келген шаруамды айтып, бір суыртпақ жіп сұрадым бәйбішеден… С.Ел. ~ Бұрын біздің ауылда суыртпақ жіп жоғалмаушы еді,– дейді апам, – мына соғыс кезінде әр жақтан көшіп келгендер көбейді де, ұрлық– қарлық шыға бастады,– дейді. С.Мұр.
