Өмір қатып қалған нәрсе емес, ұдайы өзгерісте болады. ~ Олар өлмес, бәрі бірдей жоғалмас, әзер болса, аз күн бейнет тартар. Бірақ дүние бір қалыпта тұрмас, көктен түскендей бір «керемет» болар. Ж.Айм. ~ Бірақ ол өмірдің бір қалыпта тұрмасын сезсе де, нақақ қандардың киесі ұрған рақымсыз империяның арада не бәрі жарты ғасыр өтпей омырыла құлайтынын… білген жоқ. Қ.Жұм. ~ Әрине, мен бұл туралы көп ойландым. Бірақ бұдан ештеңе шықпайды. Мүмкін, ол бала туар, әлде тірі, әлде өлі болар. Өмір бір қалыпта тұрмайды ғой, алға қарай жылжи беретін нәрсе. Талай қиыншылықтар болар. Талай армандар болар. Б.Бұл.
