Posted in

БІР ҚАЛЫПҚА ТҮСТІ (ТҮСКЕНДЕЙ)

Әлдебір үйреншікті, дағдылы, біркелкі жағдайға келді. ~ Бұрқ-сарқ қайнаған өтпелі дәуір бір қалыпқа түссін, қанды көбігі тарап, сорпасына дәм кірсін. Қ.Жұм. ~ Алдыңғы төртеу бір қалыпқа түскендей бірінен–бірі қалысар емес. Сайма–сай қимылдап, сап түзеп барады. Көкем қатар бұзбайын деп қанша тырысса да болмады. Б.Мом. ~ Ол қазір мына заманнан роман жазамын деп жанықпайды. Бұрқ– сарқ қайнаған өтпелі дәуір бір қалыпқа түссін, қанды көбігі тарап, сорпасына дәм кірсін. Шүкір, романды бір кісідей– ақ жазды ғой. Қ.Жұм.