Біркелкі, үйреншікті, дағдылы. ~ Жас өмірін көп уақыт қалада өткізіп, европа мәдениетінің дәмін татқан Жаяу Мұса кейде елегізіп, ауылдағы бір қалып өмірмен отыра алмайды. Ә.Марғ. ~ Көкем «сізден» «сенге» көшетіндей ишара танытпайды. Және сыңғырлаған дауысы қандай құлаққа жағымды. Бір қалып, өзгермейді. Қ.Жиен. ~ Қоңырау қара шоғыр қаптап жайыла жылжыған отардың жүрегі тәрізді. Бір қалып баяу сыңғырлайды. С.Ел.
