Азын-аулақ ділмарлық, шешендік, тіл өткірлігі. ~ Ол рас енді. Бір қақпайым бар, балам. Пайдасынан басқа зиянын көргем жоқ тіл білгеннің. С.См. ~ Өзінің домбыраға қосылып, бебеулеп тұрған бір сыдырғы даусы, жанынан өлең шығаратын бір қақпай ақындығы да бар екен. Қ.Жұм. ~ Жарқынбек алғашқы күдігіне өзі қысылғандай кейіп танытты. Алдындағы шопанның бір қақпай әдемі қалжыңы да бар, ә! Бәсе, кірген бетте-ақ өзіне-өзі сенімді, өз бағасын білетін адамның сыңайын танытып еді-ау. К.Қаз.
