Posted in

БҰЙЫМ КӨРСІН (КӨРГЕН ЖОҚ)

Қиындық тұтпады. ~ Кендір қамшы адыра қалған соң-ақ, Қойтеке мен Торшолақтың басына бір алуан жаңа дәуір туды. Бұл дәуір туысымен-ақ, Торшолақтың мерейі үстем бола бастады: қу шекесіне, жұқа шабына шылтыңдап маза бермейтін шыбыннан құтылды: шолақ саптың сіреу теріге былп еткенін бұйым көрсін бе! Ж.Айм. ~ Тозған жұртты топырлап, тапап кетті, Қатыгез жау қайсыбір бұйым көрсін. М.Мақ. ~ – Ойбай! Тұрғанбай алдата ма? Көзiң шыққыр, құстың iшегiнде қалған қырындыға шейiн көредi. Ол өлсе алдата ма? – деп едi. Жиренше оны да бұйым көрген жоқ. М.Әу. ~ Сосын бұлар да ана екеуі құсап өкірген теңізде, өжектеген толқынның қарсы алдынан кеуде қаққан қарсылығын да бұйым көрмей, қатарласып құлаш ұрып жүзіп бара жатса… Ә.Нұрп.