Posted in

БҰЙЫМ КӨРМЕДІ

Елемеді; менсінбеді, мән бермеді, кедергіге санамады. ~ “Сенен жасыратын не сыр бар, батырым. Көңіл шіркін кәрі кеудені бұйым құрлы көретін емес, әр қиырға бір шапқылап, дегбірді алып болды”, – дейді. Қ.Най. ~ Ұйытқып соғатын долы жел көк түтінді бұйым құрлы көрместен, ылдым- жылдым жұта салар еді- ау. Қ.Жиен. ~ Сұлыға тойып, сүмбідей жарап алған қос күрең солқылдаған жеңіл фаэтонды бұйым құрлы көретін емес … Қ.Жұм. ~ Лекіген мылқау қалың тобыр жота басында қалқиған екеуді әрі-беріден соң бұйым құрлы көрмей таптап өте шығатындай. М.Қаб. ~ Осы арада ол тағы биттей ойлана қалды. Ана жолы бір жеңгесі арқылы төркініне, шешесіне арнаулы сәлем жолдап, Сақаннан басын ашатын ойы бар екенін емексітіп көрген. Ж.Сәм.