Posted in

БҰЛТТАЙ ТҮЙІЛДІ

Қабағын қарс жауып, қаһарын төкті. * Момын елге тізесін батырып үйренген жандайшап, жасауылдар … қобызшының ауылына әлденеше рет қара бұлттай түйіліп келіп, алым-салығын жинай алмай кері қайтады. О.Сәрс. * Ызылдаған қобызына сыбырлап Күбір-күбір аузы-басы жыбырлап, Қара бақсы қара бұлттай түйіліп, Гуілдеді, уілдеді, сарнады. Ж.Айм. * Осы кеш бұлардың бүгін, міне, қара бұлттай түйіліп тұрған тағдырының ең алғашқы бастауы еді. М.Әу. * Екі жағы да бұрын тиісуден қаймыққандай, алыстан ғана қара көрсетіп, жауар бұлттай түйіледі. З.Шүк.