Posted in

БҰРА ТАРТТЫ

Жөнсіз кетті, сөзді бұрып әкетті. * Тілі бұлбұл, аяғы дүлдүл дейтініміз Абай еді! – деп, Серке енді бір кезек сөзді мақсатқа қарай бұра тартады. М.Әу. * Бәсе, сенің өңің неге қошқылданып кеткен десем. –Қойшы, әй, бұра тартпай,- деп Күрекең кеңк-кеңк күлді. Ғ.Қаб. * Көпшілікке тағы да қозғау түсті. «Жаңалыққа ұмтылуымыз керек» десе, екінші біреулер, «Меніңше Нысан сөзі құлаққа енеді»,— деп бұра тартты. Ө.Кәріп. * Бірақ Қайсарға сену қиын. Ол арбаға жаңа үйренген жылқы тәрізді. Кәдімгідей дұрыс жүріп келе жатып, бірдемеден секем алса, бөтен жаққа бұра тартуы оп-оңай. І.Ес.