Алара, сүзе қарайтын көз. * Қайырбек дейтін мұртын тазының құйрығындай шығыршықтаған, қыр мұрынды, бұқа көз, шүйдесі тоқпақтай балуан денелі жігіт: «мен крестиянский нашалнік болам» – деді (онда патша заманы еді)… Ж.Айм. * Ишан орнынан ұшып түрегелді. Бұқа көздің қызылын молайта түсіп, оның «ниетін аңдыды». Х.Ес. ~ Ау, Бүке-ау, алдымен үйге кіріп дегеңдей… дәм татып дегендей… — деп дағдылы мәймөңкесіне баса берген-ді. — Кәкой дәм?! — деп арс етті Бұқабай бұқа көзін алартып. — Давай елді жина! Уақыт жоқ балтай-шалтайға! С.Ел.
