Шамасына, жағдайына қарамай желігу, желпіну, босқа даурығу хақында. ~ Самсы да асық болып Айсұлуға, Бата алмай жүреді екен сөз айтуға. Сүйтсе де жанасалау бір қалмайды, Дегендей «бұқа буға, азбан дуға». Шәк. ~ Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, Хан да жанын қыяды қыз жолында. Алтын-күміс кигені, қамқа, торғын, Күтуші қыз келіншек жүр соңында. Деген сөз: « Бұқа буға, азбан дуға», Хан қарық боп түсіп жүр айғай шуға. Абай. ~ «Бұқа буға, азбан дуға» демекші, досыма еріп құр желіккенім болмаса, менің спортқа жақындығымның жоқтығы рас. Қ.Ысқ.
