Әлдебір жаңсақ ісінің кесірінен басы бәлеге қалды. ~ Мұңлық, сен өзің де қызық екенсің, саған бойдақ жігіт жетпей ме осы? — деді. — Сенің көркіңе елдің бәрі ынтық. Ал біреудің семьясын бұзғаның үшін біз сенің маңдайыңнан сыйпамаймыз. Таяу күндерде жергілікті комитет жиналысында мәселеңді қараймыз. Бізге де бас керек, бәле сатып алар жайым жоқ. Н.Сер. ~ Директорды қолпаштаймын деп басыңа бәле сатып алмау жағын ойла. Түбінде тексеріс болып көз алдаудың арты ашылып қалса, өз басыңды арашалап, қалатын амал қарастыр. Б.Тоғ.
