Жаңсақ басып, сау басына сақина тілеп алды. ~ Залалкер жұртқа тегіс болып әбден, Енді не іздеп келдің іштеріне? Жынды жоқ, сені аман құтылдырып, Алғандай бәле тілеп үстеріне. «Не ексең, соны орарсың» деген сөз бар, Ор, енді егініңді піскенінде!» А.Байт. * Құдай сақтасын! Қарап жүріп бәле тілеп неміз бар! Жанназардың қасында қарулы жігіттер топтасқан. Сый аламыз деп жүріп, басымызды алдырамыз… З.Шүк. ~ “Көп дем ала берсек, үйге қайта алмай қаламыз, түнгі жол ауыр болады”, – деп Мұнарбек күйіп– пісіп жүр. Басына бәле тілеп, мені ертіп шыққанына ол да өкінетін сияқты, оның да қиналысын түсінемін. Ә.Асқ.
