Жөн-жосықсыз, беталды, ұнамсыз күлкі. ~ Басқа әйелдер үйді басына көтере ән салып, дарақы күлкіге басып, көңілдері масайып тарағанда, бұл екеуі үнсіз тымырайып сұрланып қайтқан. С.Жүн. ~ Бекеттің жақтырмағанын қаперіне де алған жоқ, бет – аузындағы сүйкімсіз бір дарақы күлкі сол қалпында сөнбей қалды. Қ.Ысқ. ~ Сол-ақ екен зал iшiн дарақы күлкi дар айырды: «Ой, қасқа-ай, өкпең түстi ғой уhiлеп. Түк көрмей қу тақым боп жүр ме едiң!» Т.Сәу. ~ Екі арадағы бұрқ-сарқ тасыған тау өзенінен қарғып өтпек болып кейін шегініп еді, бір дарақы күлкі құлағын жарып жібере жаздады. М.Қаб.
