А) Дарылдаған ұнамсыз дыбыс туралы. * Бұл сөзге біреулер дар етіп күліп, біреу күлмей, үй-іші дым боп тоқтап қалды. Тайлақбай мұндай сөзді кейде әдейі шығаратын. Ж.Ахм. * Алдымен дар етіп күлуші Османның өзі еді. Ж.Ахм. * Бір күні мектеп директорына кірдім. Асқазаны нашар Жұмекең бір уыс тұз жұтқандай тыжырынып, дар еткізіп кекіріп қойып отыр екен. Б.Соқп.
Ә) Қақ жыртылды. * Көк аспанды матадай дар еткізіп, қақ айырғандай қос қанатты сатыр еткізіп қағып қалып, жүзіктің шоқтай жайнаған қызыл асыл тасты көзіндей түлкіге садақтың оғындай құйылады. С.Жүн. * Жаңа оқыс отыра кеткенде, шалбарымның арты дар ете түсіп еді, шеттеп жол берген келіншектің алдына түсуге қымсынып, шегіншектей бердім. Т.Сәук.
