Күмән келтірерлік мәселе емес д.м. ~ Жер шарының қоңыр үйегінде жаралған, бүгінге дейін сол қоңыр үйекте мекен ететін қазақта қоңыр өмір, қоңыр тірлік, қоңыр мінез, қоңыр үн, қоңыр дыбыс, қоңыр ән, қоңыр күй, қоңыр үнді музыка аспаптары қалыптасқандығы дау тудырмайды. Ж.Баб. ~ Тұяғының дүбiрi айшылық алыстан айқын естiлетiнi анық. Мың жылқы жөңкiлсе Қаракердiң дыбысы дара шығары дау тудыр- майды. Мұндай жануарға қызықпаған көз көз емес те, мұндайға елiтпеген жүрек жансыз. Т.Әлж. ~ Өлең жетістігі, міне, осындай халықтығымен, халықтық сипатымен оқшау көрінеді десек, бұған асылы ешкім дау тудырмаса керек. Р.Нияз.
