Posted in

ДАУ ТУҒЫЗДЫ

Талас-тартысқа себеп болды. ~ Елдің дуылдай екі жар бола айтысы айқайға айналып, шаған жағынын адамдары «қара атты, келеші Бүркітбай бәйгі айғырмен тартып оздырыпты, жол тосу, көлденең шабу соның қарымжысын алу екен» деп табан астынан дау туғызды. С.Бег. ~ Жоғарыда өзіміз айтқан, бір кезде Сегіз сері құрастырған қазақ халқының жылнама – шежіресіне тағы да жүгінуімізге тура келеді. Маманайдың XVIII ғасырдың – екінші ширегінде Гүлтөбеде өмір сүрген керей руының беделді билерінің бірі екені ешқандай дау туғызбайды. Н.Әбу.