Әлдекімде кеткен есесін даулады. ~ Әкең мынадай халде жатқанда дау қуды деп ертең ел- жұрт көтiн ашып күлмей ме? Тоқшылық үндемедi. Iшiнен ағасының көп пiкiрiмен таласып отыр. Б.Алд. ~ Құла құнанды таныдым, деп, ой – жобамен даулап отырған Сатайдың дәлелдері оспақ оқыс дау қуғандық деп білем. С.Бег. ~ Қаруыңа қарасам дау қуған даугерге ұқсамайсың, қарымыңа қарасам, жау қуған жаугерге ұқсамайсың. Жүрiсiң – суыт, түсiң – суық. Қуғыншыға да, қуылғанға да жори алмай тұрмын өзiңдi. К.Сег.
