Алаң қылды, абыржытты. ~ «Зейнеп, Зейнеп». Осы бір есім Қарасұңқардың дегбірін алатын. Өмір бойы жүрегін сыздатып, қасіретке түсіріп-ақ келеді. Ә.Әл.~ Көрбай қапелімде уәж айта алмай манадан бері дегбірін алып, қызуы төс қалтадан төсіне өтіп тұрған көк қағазды бәленбайға қалай бере салғанын аңдамай қалды. Н.Дәу. ~ Дәрігер ләм демеді. Айбардың көңіліне қарады ма, қолын сермелеп, әлгі бикелерге: «Тезірек бітіріңдер істі, болыңдар!..» –деп дегбірін ала түсті. Ақ пәрәнжі тұмшалаған медбикелер ісін тамамдап, ізін сұйылтты. Д.Дос.
