Есін шығарды, қатты қобалжытты, берекесін кетірді. ~ Дариға-жүрек лапылдап барып басылды, Күрең күн келіп, мойнына таудың асылды. Бір белден сонда, бригадир келді ашулы, – Тездет! – деп, жұрттың дегбірін әбден қашырды. М.Мақ. ~ Кешкі тамақ Робертке батпады… «Ауырып отырмын» деп сылтауратты даяшы қызға. Палатасына келіп, жатқанда жүрегі онан жаман дүрсілдеп, дегбірін қашырды. Т.Әбд. ~ Бекназардың құлағы тоғанға салынған мосы тіреудің сықырлай бастағанын шалып қалды. Су тіпті молая түсті. Шалдың дегбірін қашырып бара жатқан да осы. Ш.Айт.
