Шыдамы қалмады, сабырсыздана бастады. ~ «Сонау жер шетінде жылтыраған жарығымның поезы ма, қалқам, жанарым жасаурап еш көре алатын емеспін!» – дейді дегбірі таусылған шеше байғұс. Д.Дос. ~ Дегбірі таусылған Асылжан әжесінің қасына келіп, гимнастерканың жағасын көргенде күліп жіберді. М.Әбд. ~ Арқасы шаң– шаң боп қылуеттен шыққанда «ауру денеден шыққан фосфор ауаны бүлдіреді» деп, тезірек мәйітті жер қойнына тапсыруды ойлап мазасызданған шұғыл медициналық топтың әбден дегбірі таусылды. Қ.Түм.
