Posted in

ДЕГБІРІ ҚАШТЫ (ҚАЛМАДЫ)

Берекесі кетіп, сабырсызданды, не істеп, не қойғанын білмеді. ~ Көңiлiнде еш алаң жоқ. Ертең жолықпақ боп қош айтысқан. Қыз бiрақ әлденеге дегбiрi қашып жiберер емес. Т.Сәук. * Оңашада сұмдық шешенмін. Ал, қызбен жеке қалдым ба, тілім күрмеледі. Дегбірім қашады. C.Смат. *Өзiн қанша мығым ұстап, орнына салмақты жайғасқанымен әйелiнiң күдiкке толы секемшiл қарасынан қуыстана дегбiрi қашатынын сездi. Ж.Шаш. ~ Құлақтарын тігіп, танауларын жыбырлата оқыранып, ауыздықтарын азу тістеріне салып қиып тастардай-ақ күтірлете шайнап, дегбірлері қалмады. С.Мұр. * Егер, біріншіден, Сыпатаевич, екіншіден, жиырма жеті жаста болса, бүгін сағат бес жарымда маған келсін»,— деп тапсырдым. Шынымды айтсам, қашан анық-қанығын білгенше дегбірім қалмады. М.Қаб.