Posted in

ДЕГЕНІНЕ КӨНДІРДІ

Айтқанын істетті, әмірін жүргізді. * Жастар біздің тілімізді ала ма… Мына келіндердің байын дегеніне көндіріп алып, білгенін істеп тымырайып жүргенін көрмейсің бе?!» – деп бірталай сөз айтты. Б.Майл. * Біз жақтың қуғыншылары да талабынан танбапты. Ат сабылтып арын ту етіп келгенде, арқасын жерге тигізіп қалай қайтсын. Қадалып отырып, қалайда дегеніне көндіруге түйініп алған бәрі де. Б.Момыш. ~ «Бүгін — ұлыстың ұлы күні. Таныс, бейтаныстармен қыртып тұрып салқын сыраны сіміргенге не жетсін, кеттік» деп ақыры дегеніне көндірді. Қ.Түм.