Posted in

ДЕГЕНІНЕ КӨНДІ

Айтқанын істеді, тізе бүкті, ырқына жүрді. * Нағашы апасының сөзін жыққысы келмеді ме, әлде оның ыстық лебі өн бойын қытықтап, бұрын білмеген бір ғажайып дүниеге бөледі ме, Есіркеген әйтеуір Зейнептің қолын қақпаған, дегеніне көне берген. І.Ес.* Ғабиден Мұстафин – уақытпен келген, уақыттың дегеніне көнген, шыдаған, ірі табиғатты, сом суреткер. Қ.Ерг. * Қыз қанша ақылды, ұстамды болғанымен, бүкіл Алтын Орданың билеушісі, қылышынан қан тамған және қыз қызығарлықтай келбетті, адуынды ханның тілегіне қарсы шыға алмаған, дегеніне көнген. І.Ес. * Қыз қалайда Жүсіптің: «Биыл күзде үйленейік», —дегеніне көнбеп еді, Тілеудің дәл бүгін үйленуіне де қарсы болмады. Б.Нұрж. * Ұйыған мимырт, бейбіт тіршілігін күйттеп, мұның дегеніне көнбеді, айтқанына жүрмеді. Т.Шап.