Ашуға мініп, елірді, құтырынды. ~ Шөке ат ағашта дол ұрып тері бауырынан моншақтап тұрған дөненге таяғанда жыртқыш көргендей тік шапшыған дөнен ат ағашты жұлып кетердей жұлқынып қорыс-қорыс етеді. Б.Жұм. ~ Әлгі жетімегің түбімізге жететін болды. Мына жалмаузыңды жоғалтпасаң елдің сар жұлдызы ғой мына пәлең, ـــ деп дол ұрған әйелдің дауысын, шөке тани кетті. Б.Жұм. ~ Шөкеде енді көрді, арқыраған ақ жал толқын дол ұрып, сол толқынның жалымен жармасқан, ноғаттай болған екі бала кетіп барады… Б.Жұм.
