Қорқытып-үркітті, қоқан-лоққы жасады. * Айтшы! — дедім тағатсызданып. — Айтпа! Айтсаң, таяқ жейсің! — Білісбек Ырысбекке доқ көрсетіп жатыр. Е.Жең. * Енді тігейік десек, бір жастау капитан қазақ жігіті керегемізді – анда, уығын мында лақтырып, «тіктірмеймін» деп доқ көрсетеді. Қ.Бегм. * Тұрған орнында сілейіп қатып қалған Бөлебайдың қасына Төлебай келіп, анадайда ұзап бара жатқан “дұшпанның” сыртынан доқ көрсетіп, жұдырығын көтерді. О.Сәрс.
