Бойы қысқа, жуан келген адамның тез басып жүруінің сипаты. * Тыпың-тыпың басқан қысқа аяқтары шеңбірек атқан қарынының астынан көрінбей, доп-домалақ денесі домалап келе жатқандай. Т.Сәу. * Не керек, қанша керек айтасың. Болды, бітті. Машинаға тиеліп, дап-дайын боп, ешқандай әуре-сарсаңсыз, үйіңе өзі домалап келеді. Б.Соқп. * Бойы бір қарыс, әйелдің үлкен шәлі орамалын жағын қаусыра басына тартып, ұзын ұшын беліне екі орап буып тастаған, бір қарағанда домалап келе жатқан түйіншек сияқты. Т.Ахт. * Ұ л т у ғ а н И- и, айналып кетейін, кеп қапсың да!.. (Домалап келіп сәлемін алды). Аман- есенбісің?!. Келін, балдардың дені сау ма?! Қ.Ысқ.
