Біреудің үстінен өз атын көрсетпей айып тағу, шағым жазу. * « …оқтау жұтқандай ошырайғаны несі. Үстіңнен домалақ арызды ысқыртып жіберсем Оспанның кім екенін таныр едің бәлем». О.Бөк. ~ “Апама жездем сай”, әйелі де етегіне сүрінген еріншектің бірі. Ең қиыны – жақсылықты көре алмайды. Қимылдаған қыр асады демекші, осы ауылда өзінің қайрат– күшімен тірлік жасап, дәулет жинай бастаған бірер азаматтың үстінен домалақ арыз жазып жіберді. Ә.Асқ. ~ Сонда қалай? Әлде мына хат біреудің аты– жөнін сыртынан қоя салған домалақ арыздың өзі болмасын. Ә.Тар.
