Сөзі өтімді, шешен, айтқаны келетін, көрікпелдігі бар; абыройы мол, киелі адам. * Сөзiне ел ұйыйтын дуалы ауыз мықтылардан жақтас iздеуде. Т.Сәук. ~ Әрине, Тораңғұлмен менің қақтығысым, уәждесім – қаз дауысты Қазыбектің, Тәукенің, Төлебидің тапқырлығы емес. Дуалы ауыздығы да емес, бірақ олардікі не бұрынғылармен салыстырғанда бір батпан, жарты батпан кем түсіп жатады. Т.Әл. * Қой, ә, деп әлгі аузы дуалы сыншының мақтаған дилы ақынның, соның кітабын ашып жіберіп оқиды, ауысып өз өлеңіне түседі… Д.Дос. * Айбатынан ат үркетін, ірі сөйлеп, кесек турайтын, аузы дуалы оғландарымыз елім-жерім дегенде жан беруге даяр еді. Ж.Аяз.
