Өнегелі, өтімді, мән-мағынасы мол, ел есінде қаларлықтай лебіз. * Кейде Баукеңді, Асқар Тоқпанов ағамды, Асқар Сүлейменов ағамды жоқтаймын. Мінезді еді. Езуін тіліп тұрып айтатын еді. Қазір елге дуалы сөз айтатын адам қалмады-ау. Қалмады. Д.Жолж. * Бейім-ынтасы, құштарлығы, мақсатты құлшынысы, білім-парасаты сай келіп тұрса да, әу баста ұйыған табиғи мәйегі сұйық болса, қанша тыраштанғанмен ол адамнан дуалы сөз шықпайды. Т.Жұрт. ~ Бiздiң қоғамның мына екi мәселе бойынша дуалы сөз айтатын жөнi бар едi. Анығы, әлi жүйелi пәтуа айта алмай отыр. Бiрiншiсi — рушылдық пен жершiлдiк. Бұл қазаққа өте қауiптi дерт. Екiншiсi — мораль. Яғни әдеп, ақыл, ұят, иман, обал– сауап. Е.Рау.
