Posted in

ДУАНАША ТАЛАДЫ (ДУАНА ТАЛАҒАНДАЙ ҚЫЛДЫ)

Жабылып талап, жанын мұрнының ұшына келтірді. * РАУШАН. Көріне келген жақсы ғой, Жасырынбастан оңаша. Қол ұстауды айтасың ғой? Күйеу болып сызылып, Қатындар келіп қамаса, Дуанаша таласа, Ойың сол-ау, балаша. Ж.Айм. * Еуропаның жиһангерлері Түркияны дуана талағандай қамап, бұрынғысындай құлдану, езу шарасын кеңесіп жатыр. М.Дулат.