Айнала у-шу болып, дүрлігіп кетті. ~ Әрі–беріден асау биелер ащы дауысқа құлағын қайшылап, тыпырши дірдектеп су боп ағып терлейді, құлын шіңгірлейді. “Бұл дүние дүбірге толып бара ма” дегендей, тау иығына аппақ дөңгелек ай көтерілгенше биелерді босатып қоя бермесе – құлынын тойғызып, әрі оттығып үлгермейді, аш жылқының желіні тартылып кетеді. Д.Дос. ~ Енді бірде осы сазға мəз– мəйрам билеп, секіріп ойнағандай үй іргесін дүбірге толтырып, жаңа, жас туған кішкене қозы– лақтар дүркірей жүгіріп өтеді. З.Қаб. ~ «Төменгі жақтан қара қалмақтың елшісі келіп тұр, хан ием», – деді торғауыты гүр етіп. «Ту сыртымды дүбірге толтырып ентелеп жететіндей елшінің есірігі ме?.. күте тұрсын!» – деп сол қолын сілке көтеріп шығарып жіберді. Д.Дос.
