Posted in

ДҮБІРЛІ ЖАРЫС (ТОЙ, ДУМАН т.с.с)

Қалың елді дүр сілкіндірген айтулы жиын, оқиға. * Ел аузына iлiнiп, «Нұрбек» атанып жүргенi де соның арқасы. Қарада қасқыр соғып, талай-талай дүбiрлi жарыста бәйге алған. Т.Сәу. * Біздің дабырымызды тыйып тастағанмен, өзі де үлкен дүбірлі бәйгеге тұлпарын сайлап қосқандай: «Иә, сәт, иә, сәт! », – деп күбірлеумен келеді. К.Сег. * Мынадай дүбірлі тойда, мұражай да болмас еді ғой,- деді Дарқан дабырлаған жұрттың дауысынан оздыра, көтеріңкі сөйлеп. Т.Рыс. * Жұпары аңқыған мерейлі мекені сонау дүбірлі думанды кезеңін еске түсіріп, құсамен қинайтыны несі. С.Смат. * Бұл Құлыстайда исі қазақ қана емес, өзге де ұлт-ұлыстардың басын қосқан бұрынды-соңды дәл мұндай дүбірлі той болды ма екен?.. Қ.Жұм.* – Октябрь мейрамының жиырма жылдығы болса керек. Үш колхоз ұлы дүбірлі тойды бірлесіп өткізетін болып, осы Тайқұлағанның жазығына үй тіктірген. К.Сег.