Posted in

ДҮДӘМАЛ КӨҢІЛ

Екі ойлылық; шүбәлі күй. * Әйелім «елге кетейік» деп қыңқылдап жүруші еді, «Жетісу мына жақ» дегенге қарап қаңғып кетті ме деп те күмәндандым. Дүдәмал көңілден ештеме шықпады. Сол Үйшік төңірегін үш ай іздедім. Таппадым. Б.Қыд. * Қария, қаншадасыз? – дедім айтып тұрған әңгімесіне дүдәмал көңілмен. – Өзің қаншада деп ойлайсың? Т.Сәу. * Қабағының астына көлеңке ұялап, терезеден алысқа қарады. Әлде аяныш, әлде өкініш, “осыншалық жақсы шығарманы шынымен мына ақымақ жазды ма?” деп дүдәмал көңілмен қоңылтақсып тұрғандай. Т.Сәу.