Posted in

ДҮДАМАЛ КҮДІК (КҮМӘН)

Көңілге ұялаған сезік, қауіп, секем. * Лиманың өзі келісімін беріп, ақсақал құдалар төс түйістіріп қайтқанмен, Арасанбайдың жанын жегідей жеген дүдамал күдік бар еді … Ә.Тар. * Енді Оспан сол уәдесінен айнып қалған ба, қалай – деген, дүдамал күдікпен әдейі оған қарғаша салды: ─ Жігіт адам не көрсе де берген сертінен айни ма екен? – деді. С.Ом. * Сеңгі бәйбішесі Ану-хатунды оңашалады. Көзінде нұр ойнады. — Ханым, асыңды қамдат. Көптен көңілімді күпті қып келген дүдамал күмән шешілгендей. Бүгін барыңды аяма. С.Смат.