Posted in

ДҮЛЕЙ АШУ

Бұл уақытта Рахим жаңағы адамды діңкесін құрта болдыртып, ат омырауымен қақтыра жығып, енді тағы біреуіне ұмтылған. Томырық жан дүлей ашуға мініп, өзінің бұрыннан кекті адамдарына бүгінгі мынау желеумен қырғидай тиген. Ж.Ахм. ~ Осыдан кейiн де өзiн еркекпiн дейдi-­ау. Кек пен қорлыққа булығып түнiмен көз iлмеген. Ара-­арасында жастықты тiстелеп өксiп­-өксiп алады. Көкiрек буып қабындаған дүлей ашу шығарға жол таппай шиыршық атады. Т.Сәу. ~ Басына қан шапшып, көзі қарауытқан Бәйтен:
─Не бетіңізбен сөйлеп тұрсыз? – деді сыбырлап, көмейіне тасқын судай тірелген дүлей ашуды әзер тежеп. – Жүзіңіз күймей, қалай қарап тұрсыз маған? Т.Әбд.